Алматыда сел жүрді
2018 ж. 15 мамыр
2396
0
Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді деп, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақсай шатқалы. Тексеріс кезінде қатты жауын-шашын салдарынан Қызылжар өзенінде сел жүргені анықталды. Сел жүруі салдарынан автожолдар жабылған. Су асфальт бойымен ағып жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайды жою мақсатында жеке құрам жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖК өкілдері.
Сонымен қатар, ауа райының бұзылуы мен жауын-шашынның әсерінен Талғар ауданында да сел жүргені белгілі болды.
Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайды жою және автожолдарды уақытша жабу мәселесі бойынша тапсырма берді.
"Казгидрометтің" мәліметіне сүйенсек алдағы үш тәулік ішінде бұлтты ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.