Қазақ қызын төрт жыл секс-құлдықта ұстағандар қамауға алынды
2018 ж. 10 мамыр
12821
0
Алматыда қазақ қызын төрт жыл секс-құлдықта ұстағандар қамауға алынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы ІІД департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 6 мамырда сағат шамамен 18.00-де Алматы қаласындағы Сүйінбай даңғылында автокөлік 1989 жылы туған Н. деген азаматшаны қағып кеткен, кейін ол біреулердің оны заңсыз ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерін айтты.
"Н. деген азаматшаның арызы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 308-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілер ұсталып, ІІД-ге жеткізілді. Қазіргі таңда Алматы ІІД ҚТҚБ қызметкерлері оқиғаның нақты мән-жайы мен берілген мәліметтердің растығын анықтау үшін жедел әрі тергеудің кешенді шараларын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Н. деген азаматшаның 2009 жылдан бері жезөкшелікпен айналысқан тұлға ретінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қылмыстық есебінде тұрғаны анықталды. Сондай-ақ, оның жезөкшелікпен айналысатындарды және оларға қызмет ететін притондар мен орындарды анықтап, жою мақсатында жүргізілген жедел-профилактикалық шаралар мен рейдтердің нәтижесінде ішкі істер органдарына жеткізілгені белгілі болды.