Отандық сарапшылар еліміздегі тұрғын үй саясаты мәселелерін талқылады
2018 ж. 28 наурыз
4829
58
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) Қазақстандағы тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруды талдауға арналған сарапшылық кездесуді өткізді.
Бүгін Алматыда, Бес әлеуметтік бастаманың бірі - «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын орындау аясында, «Қазақстандағы тұрғын үй саясатының мәселелері» тақырыбына арналған сарапшылар мәжілісі өтті.
ӘЭСИ осы сектордың басты сарапшылары мен қызметкерлеріне: даму институттарына, екінші деңгей банктеріне, құрылыс компанияларына, сонымен қатар, риэлторлық агенттіктерге және жылжымайтын мүлік нарығының басқа субъектілеріне, пікір алмасу үшін өзінің алаңын ұсынды.
Қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Дегенмен, мемлекет тұрғын үй құрылысына қаржы беріп, әлеуметтік мәселелерді ғана шешпейді, ол экономиканың құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, солармен шектес өңдеу секторларын, көлік, банк секторлары сияқты салаларды ынталандырады.
Сергей Домнин, ӘЭСИ бағдарламасының басшысы, Елбасының 2018 жылғы Жолдауында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіштерін БҰҰ-ның стандарттарының – 2030 жылға дейін бір адамға 30 шаршы метр – деңгейіне жеткізу мақсаты қойылғаны айтты.
Оның айтуы бойынша, соңғы 10 жылда тұрғын үймен қамтамасыз ету 30%-ға өсті, ал келесі 12 жыл ішінде оны 40%-ға арттыру жоспарланған (шамамен, жылына 3,3%). Бұл жерде өсіп келе жатқан демографиялық динамика есепке алынған: 2007-2017 жылдар аралығында халық саны 1,5% артты. Ал тұрғын үй құрылысына бөлінген инвестициялар орта есеппен жылына 8,7%-ға артқан, сонымен бірге құрылысы аяқталған тұрғын үйді тапсыру 5,5%-ға өскен.
- Бұл мақсатқа тез арада қол жеткізу үшін инвестициялар динамикасын арттыру қажет болады, бірақ олар қазір де өте жоғары деңгейде – ағымдағы бағамен 1 трлн. теңге, бұл ЖІӨ-ға 2%. Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту міндеті түрлі құралдарды қолдану арқылы орындалуда, оның ішінде ақырғы қарызгер мөлшерлемесін қаражаттандыру да қолданылуда. «7-20-25» механизмі енгізілгеннен кейін елімізде екі жеңілдікті ипотекалық мөлшерлеме болады, олар – «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10% және жаңа механизм бойынша 7%. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесін, құрылыс компанияларындағы қарызгерлерге мөлшерлемелерін қаражаттандыру, тұрғын үй инфрақұрылымына мемлекеттік инвестициялар, жалдамалы және коммерциялық тұрғын үй бағдарламаларын, үлестік құрылысты демеу шараларын қамтиды, - деді С. Домнин.
Осыған байланысты, сарапшылар бірқатар нақты мәселелерді талқылады: бұл құралдардың әрқайсысы қаншалықты тиімді жұмыс істейді және олардың кешенді әсері қандай, қазіргі жағдайда бөлек құралдарды қолдану орынды ма (мысалы, ипотекалық қарыздардың секьюритизациясы), мемлекеттік бағдарламалардың механизмдері және тұрғын үй саласындағы мемлекеттік саясат қалай өзгеруі керек.
Тұрғын үй бағдарламаларын түзету басталды. Жақында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үкімет қаулысының жобасы жарияланды, онда бағдарламаның бюджетін 24 млрд. теңгеге арттыру жоспарланған, бірақ бағыттардың тізімінен үлестік құрылысты демеу алынып тасталған. Дегенмен, «7-20-25» механизмі өзге бағдарламалардан қаншалықты ерекше болатыны, жаңа ипотекалық кредиттеудің егжей-тегжейі және шарттары қандай болатыны белгісіз.
Дәл осы мәселелер ӘЭСИ ұйымдастырған сарапшылық кездесудегі белсенді талқылаудың тақырыбына айналды.
qazaquni.kz