Алматы облысының денсаулық сақтау саласы қағазсыз жұмыс түріне көшеді
2018 ж. 03 наурыз
2323
1
Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылады деп күтілуде. Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдар жазбаларын басқару үшін қағазсыз форматқа ауысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директоры Үсентаева Наталья баяндады.
« «Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау 2013-2020 жылдарға арналған дамыту Тұжырымдамасы» «Электрондық денсаулық паспорты», «электрондық медицина», «смарт-медицина» қызметтерін енгізу 2020 жылға дейін толығымен іске асырылады. Жоғарыда аталған тармақтарды жүзеге асыру шеңберінде науқастың жеке кабинеті құрылады, мобильді құрылғылар арқылы пациенттердің денсаулығына қашықтықтан автоматтандырылған мониторинг жасалады. Сонымен қатар, науқастарды медицина қызметкерлеріне қабылдау үшін дербес онлайн режимінде тіркеле алады», - дейді Н.Үсентаева.
2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында денсаулық сақтау секторын ақпараттандыруды дамыту жалғасады. Электрондық денсаулық сақтау ресурстарына, салық органдарына, әлеуметтік сақтандыруға және әлеуметтік қорғауға негізделген МӘМС ақпараттық базасы құрылады. Бүгінгі таңда цифрландыру денсаулық сақтаудың барлық салаларын қамтитын үш кезеңді қамтиды, олар, медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу, компьютерлік техникамен қамту және денсаулық сақтау ұйымдарының интернетке қосылуын қадағалау.