Шенеуніктердің жалақысын 50% қысқарту ұсынылды
2018 ж. 19 ақпан
12225
10
Ақтөбе басшысы Ілияс Испановтың ел алдында есеп бергеніне бір апта уақыт өтсе де, жергілікті БАҚ аталған шарада көтерілген өзекті мәселелерді әлі де талқылап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап.
«Зейнеткерлер мен мүгедектер билікті сыбайлас жемқорлық үшін айыптады. Олар қалалық әкімдік қызметкерлеріне өз наразылықтарын білдірді. Көбінесе медицина және әлеуметтік саладағы кемшіліктер жайлы айтылды», - делінген басылымдағы мақалада.
Екінші топтағы мүгедек Сәлімгерей Сәтиев көлік жолдарының нашарлығы мен дәрі-дәрмек тапшылығына шағымданды.
«Президент мүгедектерге қолдау білдіру керектігі жайында айтқан болатын. Бірақ біз бірде бір қолдау көрмедік! Бұл біздің шенділер жұмыс атқармайды деген сөз. Мен олардың ай сайын алатын жалақысын 50% қысқартып, оны медицина саласына аударуды ұсынамын. Бізде дәрігерлер тек екі сағаттан жұмыс істейді. Сапарбаев мырза, олар осы уақыт аралығында не істеп үлгереді деп ойлайсыз?» - дейді ол.
Зейнеткер Алдабергенов жемқорлықтың артып бара жатқанына наразылық білдірді.
«Менің саяжайым болды. Оны маған құрылысы бітпей тұрып сыйлады. Әжем екеуіміз бақташылықпен айналыстық. Кейін біздің саяжайымызды тартып алды. Құжаттардың дұрыс еместігін айтты. Нәтижесінде жаңа жер телімін берді. Бірақ бұл саяжай емес, адам тұрмайтын бір жер. Мен әртүрлі инстанциядан өттім, барлық жерде жемқорлық бар. Барлық жерде «Сәке-Бәке». Полицияға барсам да, еш пайда болмайды. Менің өзімді ақымақ қылады! Біздің жерімізді қайда жіберді? Кедей болғандарың соншалық, қариялардың жерін тартып алатындай дәрежеге жеттіңдер ме?» - деді зейнеткер шенеуніктерге.
Әкімдер өз кезектерінде барлық шағымды қарастырып, тиісті шараларды жүзеге асыратындарын айтты.