Ресей мен Қазақстан арасында жаңа елші тағайындалды
2018 ж. 07 ақпан
11282
0
РФ президенті Владимир Путин Алексей Бородавкинді Қазақстандағы елші қызметіне тағайындады. Ол тағы бір жарлығымен Михаил Бочарниковты қызметінен босатты. Сәйкес құжаттар құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған, деп хабарлайды ТАСС.
«Бородавкин Алексей Николаевич Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалсын, - делінген жарлықтың мәтінінде.
«Бочарников Михаил Николаевич Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын».
А.Бородавкин 2011 жылдан бері БҰҰ Бөлімшесі жанындағы және Женевадағы басқа да ұйымдарда РФ тұрақты өкілі болған. Михаил Бочарников 2006 жылдың 12 желтоқсанынан бері Қазақстандағы елші қызметін атқарып келген еді.