Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тағайындалды
2018 ж. 01 ақпан
6890
11
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мұхтар Құл-Мұхаммед 12 желтоқсан 1960 жылы ҚХР, Шәуешек қаласында дүниеге келген.
ҚР мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001). Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі (1997), ҚР Әлеуметітк ғылымдар академиясының академигі (2001).
- Қазақ мемлекеттік университетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы, 1982–1992).
- «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999).
- Бұған қосымша 1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор міндетін атқарушы (Алматы).
- 1995 жылы «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары» (революцияға дейінгі орыс энциклопедиялары бойынша) деген тақырыпта кандидаттық диссератция қорғады.
- 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана, 1999–2001).
- 2001 жылғы 31 мамырда Жоғарғы аттестациялық комитеттің шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003).
- ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы (Астана, 2003–2006).
- ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы, (Астана, 2006-2007).
- Қызылорда облысының әкімі. Бұған қосымша 2008 жылдың наурызында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды (Қызылорда, 2007–2008).
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010).
- ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012).
- ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013).
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014).
- 2014 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
- 2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың (РҚШ) жетекшісі болды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).[1]
-
2016 жылғы 6 мамырда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды.