Пхеньянды Сеулмен тікелей келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеген кім - саясаттанушы пікірі
2018 ж. 09 қаңтар
2602
0
КХДР мен Оңтүстік Кореяның жоғары өкілдерінің бүгінгі кездесуі Корей түбегіндегі қазіргі дағдарыстан шығу үшін өте маңызды. Пхеньянның өз ұстанымын өзгерту туралы шешіміне нақты не әсер еткені туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты Еуразиялық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов айтып берді.
Ол аймақтағы негізгі ойыншы - Қытайдың әлі де Корей түбегіндегі жағдайға өз көзқарасы бар екенін атап өтті.
Әрине, Пекин, сансыз зымыран және ядролық сынақтарға сын айтады. Сонымен бірге, Қытайдың Солтүстік Корея бойынша Американың жоспарын толықтай қолдау ниеті жоқ. Бірақ Қытайдың КХДР қарсы қолданған санкциялық шаралары күшті әсер еткендігін мойындауымыз керек және де Пхеньянның өз ұстанымын өзгерту себептерінің бірі осы болуы мүмкін.
Атап айтқанда, соңғы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарына (2397) сәйкес 6 қаңтардан бастап Қытай КХДР шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортына шектеу енгізді.
Сондай-ақ, Пекин Солтүстік Кореяға металдарды, өнеркәсіптік жабдықтарды және ауыр көлік құралдарын сатуды тоқтатты. Бұл шаралар, және де осыдан бұрын Қытайдың Солтүстік Корея ауылшаруашылық өнімдерін импорттаудан бас тартуы КХДР экономикасына айтарлықтай зиян келтірді», - деп түсіндірді саясаттанушы.
Оңтүстік Корея мен КХДР өкілдері арасында бұдан бұрын да осындай екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткенін атап өтуге болады.
«Бірақ бұл жолғы келіссөздер өте маңызды, себебі түбектегі қақтығыстың одан әрі арта түсуіне әкеліп соқтырған екі жылдық үзілісті тоқтатады, Кездесудің өзі, әрине, жан жағынан алып қарағанда өте нәтижелі болды.
Тараптар әу бастан үлкен мақсаттар қоймады. Белгілі болғандай, кездесуде КХДР спортшыларының Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін талқылайды. Осыған орай, Оңтүстік Корея делегациясының Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея спортшыларының Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатында бірлесіп өнер көрсету сияқты ұсыныстары Пхеньян мен Сеул арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін қолайлы жағдай жасайды», - деді сарапшы.
Екінші жағынан, саясаттанушы Солтүстік Корея делегациясы басшысының көңіл-күйі болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
«Мысалы, Оңтүстік Кореялық басылымдардың жазуы бойынша, кездесу алдында КХДР делегациясының басшысы Ли Сон Гвон КХДР мен Оңтүстік
Корея арасындағы қарым-қатынастар қатып жатса да, мұз астында бәрібір сарқыраған өзен ағып жатыр деп мәлімдеді.
Осылайша, Солтүстік Кореялық шенеунік Корея халықтарының ұмтылысы кез келген қиындықтарды жеңіп шығу үшін әлеуеті бар екенін атап өтті. Олимпиада ойындарына бірлесе қатысу сылтауымен өткізілген келіссөздер шынымен маңызды тақырыптар бойынша диалог үшін негіз болуы мүмкін деп айтуға болады", - дейді сарапшы.
Ол осы кезеңде алға үлкен мақсаттар қою керек емес екенін атап өтті. Мысалы, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы туралы мәселені шешу және т.б.
«Келіссөздер барысында үшінші ойыншыны, яғни сыртқы күштерді тартпау одан да маңызды болып болып табылады. Осы кезеңдегі тікелей келіссөздер бұрын жүргізілген алтыжақты келіссөздерден әлдеқайда көбірек бере алады. Осы құраммен келіссөздерді жалғастыру үшін барлық жағдай бар екендігін атап өткен жөн. Белгілі болғандай, АҚШ президенті бүгін өтетін кездесуді құптады. Сонымен қатар, Вашингтон Оңтүстік Кореямен бірлесе өткізілетін әскери жаттығулар мерзімін кейінге қалдырғанын мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Сеул мен Пхеньян арасындағы басталған байланыстарды құптайтынын атап өтті», - деді сарапшы.