Жұрт Атамбаевтың басы қақпай қалған деп есептейді – Қырғызстандағы Қазақтар қауымдастығының басшысы
2018 ж. 03 қаңтар
6507
9
Қазақ-қырғыз қатынасы өткен жылдың күзінде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмасбек Атамбаевтың жөнсіз пікірлерінің кесірінен қиын болып кетті. Бірақ қазір достық, ағайындық байланыс қайта қалпына келіп жатыр.
Бұл Қырғызстанға жаңа басшының келуіне байланысты мүмкін болып отыр. Осыған орай «КАРАВАН» газетінің тілшісі «Қырғызстандағы Қазақтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Бөлекбаевпен сұхбасқан еді. Оның, әсіресе, Атамбаевтың соңғы кездердегі оқыс мәлімделеріне қатысты айтқандары көңілге қонымды.
- Экс-президент Атамбаевтың сөздеріне келсек, бұл жерде көп адам оның басы қақпай қалған деп есептейді. Ол өзі айтқан пікірге жауапкершілікпен қарамайды, - дейді Еркін Бөлекбаев. – Өкінішке қарай, Атамбаев президент кезінде Қазақстан мен оның басшысына ғана емес, өзге елдерге де, әр деңгейдегі басшыларға да қатысты жөнсіз пікірлер айтты. Білесіз бе, «Халық қашан да өз билеушісінен гөрі ақылдырақ» деген сөз бар. Атамбаев президенттіктен кете сала қарым-қатынас дұрыс жолға қойыла бастады. Әрине, оның сөздері қырғыздардың ұлттық намысын оятуға септігін тигізді. Бірақ ашуды ақыл жеңді. Солай болуы да керек. Ешқандай сөз екі ағайын елдің арасына іріткі сала алмайды. Қырғызстанда тұрып жатқан қазақтардың жағадайы – соған дәлел.