Астананың 3 тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды
2017 ж. 30 желтоқсан
2564
3
Астананың 3 тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде терроризмді насихаттау деген күдікпен Астана қаласының үш түрғыны құрықталды. Аталған тұлғалар өз ортасында халықаралық террористік үйымдарды қолдау мен олардың іс-әрекеттеріне катысу үшін шетелге баруға шақырған", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сұрау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық топпен байланысты өзге де тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатыстылығы тексерілу үстінде.