Астанада 18 жасар жігіт өзін өртеп жіберді
2017 ж. 19 желтоқсан
2547
4
Бүгін кешқұрым Астанада 18 жасар павлодарлық өзін-өзі өртеп жіберді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова мәлім етті.
«19 желтоқсанда сағат 17:00 кезінде полицияға «Думан» ойын-сауық орталығы маңындағы саябақта белгісіз біреу өзіне бензин құйып, суицид жасағысы келгендігі туралы хабар түсті. Аталған азамат ешқандай талаптар қоймаған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілді. Оның өртенген киімі бірден өшірілген», - дейді ол.
Полицияның анықтауы бойынша аталған жас жігіт Павлодар тұрғыны болып шықты. Ол Астанаға 16 желтоқсан күні қонаққа келген екен.
«Бұл оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр. Оның қолы мен мойнын күйік шалғандықтан, медициналық мекемеге алып кетті», - деді С. Қылышбекова.
Белгілі болғандай, аталған жігіт оқиға орнынан №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.