Жүрегі денесінің сыртында орналасқан сәби дүниеге келді
2017 ж. 15 желтоқсан
4302
0
Ұлыбританияда туа біткен жүрек кемістігі бар қыз бала өмірге келді. Оның жүрегі кеуде тұсының сыртына орналасқан деп мәлімдеді КТК арнасы.
Булуэлл қаласының емханасында кішкентай сәби көп кездесе бермейтін жүрек эктопиясымен туылған. Нәрестені құтқару үшін 50 дәрігердің қатысуымен 3 рет ота жасалыпты.
Мұндай ерекшелікпен туылып аман қалған адам елде бұрын соңды кездеспеді деп жазады The Guardian басылымы.
Сәбидің ата-анасы оны дегенінен қайтпайтын жігерлі болсын деген үмітпен «Ральф» мультфиліміндегі басты кейіпкердің атымен атапты.
Ақ халаттылардың айтуынша, баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда, алдағы уақытта оған дәрігерлердің күтімі керек.