Қарағандыда әкімдікке қарама-қарсы тұрған лэд-экраннан порно көрсетілді
2017 ж. 11 желтоқсан
3801
1
Қарағандылықтар жексенбіде "Политехникалық университет" аялдамасында орнатылған экраннан порно көрсетіліп жатқанының куәсі болған.
Бұл аялдама қалалық әкімдікке қарама-қарсы тұр. Әкімдіктегілер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мұның хакерлік шабуыл болғанын айтты.
"Қазіргі уақытта барлық монитор сөндірілді. Полиция "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғады. Бұзақыны іздеуде", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
Instagram желісіндегі Skandal_krg парақшасында жарияланған видео көпшілікті елең еткізді.