"Бәйтеректі" жөндеуге 2 млрд теңге жұмсалды
2017 ж. 27 қараша
2554
1
Астанадағы «Бәйтерек» монументін қайта жөндеу жұмыстарына қанша қаражат жұмсалғаны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді Астана маслихатының отырысында елорданың басты символына айналған ғимаратқа жұмсалған қаражат туралы айтты.
«Биыл мәдениет нысандарына үш миллиард теңге бөлінді. «Бәйтерек» мұнарасын қайта жөндеу жұмыстарына 2 миллиард теңге жұмсалды. Әлеуметтік атаулы шараларды өткізуге - 307 миллион теңге бөлінді», - деді Ерғали Егемберді.
«Бәйтерек» монументі 2017 жылы қаңтарда жабылған еді. Астананың басты символына айналған нысан маусым айында ашылды.