Cейітқазы Матаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды
2017 ж. 17 қараша
2252
2
Қапшағай қалалық соты Қазақстан Журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы өтінішті қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сейітқазы Матаевтың адвокаттары өздерінің қорғалушысының жазасын өтеу мекемесіндегі оң мінездемесі үшін және қазан айының соңында Матаевтың 63 жасқа толып, зейнетке шығатын жасқа келгенін айта отырып, оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұраған.
Сондай-ақ, іс материалдарына дәрігерлердің Сейітқазы Матаевтың жағдайының жақсармағаны жайлы жазған анықтамалары қосылды. Дәрігерлер оған гипертониялық криз диагнозын қойған. Сейітқазы Матаев сот отырысына видеоконференция арқылы қосылды.