Алматыда «Туған өлке тарихы» атты қалалық квест-сайысы өтті
2017 ж. 22 қараша
2668
0
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының жастарына Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінде «Туған өлке тарихы» атты қалалық квест-сайысы өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Бұл туған өлкені тануда жаңашыл, заманауи және ерекше формат. Әр команда бір сюжеттік бағытта тапсырма орындайды. Квесттің тапсырмалары нақты және аса танымал емес тарихи деректерге негізделген. Квест тапсырмаларын құру барысында Алматы қаласының психологтары, тарихшылары және мәдени қайраткерлері қатысты. Квест-сайыс Алматы қаласының көне ескерткіш сәулеттерін, тарихын және мәдениетін зерттеуге арналған.
Сайыстың негізгі міндеттері:
- жасөспірімдерді ұлттық рухани дәстүрге баулу;
- белсенді өлкетану қызметі арқылы қала жастарының танымдық қызығушылықтарын дамытып, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- туған жерінің көрнекті жерлерін, ескерткіштерін және көшелерін зерттеп білуге деген танымдық қызығушылықтарын дамыту.