Астана тұрғыны сәбиіне БәйдiбЭКСПО есімін берді
2017 ж. 06 қараша
2614
13
Астанадағы «Есіл», «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының Азаматтық жағдай актілерін тіркеу (АЖАТ) қызметтерінің статистикасы бойынша, қаңтар-қазан аралығында елордада 25 735 сәби дүниеге келген, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Биыл София, Амира, Кәусар, Елдана сынды қыз балалардың есімдері ерекше танымалдылыққа ие болған. Ал ұлдарға көбіне Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан есімдері қойылған. Сондай-ақ балаларға елдегі маңызды оқиғалардың құрметіне орай ат қою дәстүрі де ұмытылмаған.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде «Есіл» ауданының АЖАТ қызметінде Бәйдiбэкспо есімді ұл бала тіркелген.