Алматы облысында волонтерлік қызметтің дамуы зерттелуде
2017 ж. 06 қараша
2239
1
«Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы еріктілерді дамыту әлеуетін зерттеу» жобасы ерікті қызметінің сапасын арттыру мен мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап іске асты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "DOC.kz" әлеуметтік-волонтерлік орталығының директоры Котельникова Лариса баяндады.
«Ерікті болудың негізгі кемшілігі еш бір есеп беру барысында бұл жұмыстың өз еркімен жасағаны көрсетілмегені. Қоғамдық бірлестіктерде кез-келген жұмысты орындау үшін негізгі әлеует еріктілер болып табылады. Біз еріктілер жұмыс тәжірибеге еңгізуді ұсынамыз», - деді Л.Котельникова.
Зерттеу барысында 825 бенефициар мен 45 сарапшыдан сауалнама алынды. Соның нәтижесінде 48% жақсы көзқараста, 22% ерікті болу мансаптық өсудің көзі деп есептейді екен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік зерттеудің нәтижесі 10 қарашада Талдықорғандағы Достық үйінде өтетін қорытынды конференцияда жарияланады.