Ащы шындықты айтқан мыңға жуық журналист өлтірілген
2017 ж. 05 қараша
4015
2

Соңғы 11 жылда әлемде шамамен 930 журналист өлтірілген, деп хабарлайды ЮНЕСКО-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат.
«Соңғы 11 жылда жұртшылыққа шындықты жеткізгені үшін 930-дан астам журналистің көзі жойылған», - делінген хабарламада.
Бұл орта есеппен әр төрт күнде бір журналист ақиқат жолында қаза табады деген сөз. Ал қанішерлердің тоқсан пайызы жазадан жалтарып қалады.
Айта кеткен жөн, жыл сайын 2 қарашада Халықаралық журналистерге қарсы жасалған қылмыстың ашылмауына тойтарыс беру күні атап өтіледі.