Алматыда латын әліпбиінің келешегін талқылауға арналған жиын өтті
2017 ж. 20 қараша
2168
11
«Мемлекеттік тіл-менің болашағым» ақпараттық-насихаттау шарасы аясында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасын талқылау бойынша «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» тақырыбында профессор-оқытушыларының қатысуымен кездесу өтті.
Қарашаның 1 күні Алматы қаласындағы ҚазҰУ-де өткен аталмыш шараға шаһар студенттері қатысты. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлтты порталының тілшісі хабарлайды.
Кездесу барысында студент жастарға қазақ қоғамындағы тіл саясатының тарихы, бүгінгі қазақ тілінің деңгейі туралы ақпараттар беріліп, латын әліпбиіне көшу барысының артықшылықтары баяндалып, ауыл шаруашылығы мамандықтарына латын әліпбиінің қажеттілігі туралы мәліметтер келтіріліп, пікірлер айтылды.
Студенттердің пікірлерін білу мақсатында студенттерге сұрақтар қойылып латын әліпбиінің бүгінгі жағдайы мен болашағын қалай елестете аласыз деген тақырыппен еркін микрофон сәті ұйымдастырылды.