Ұлдарына шайтанның есімін бермек болған ата-ана елді дүрліктірді (ФОТО)
2017 ж. 27 қазан
6944
6
Ата-ана өз балаларына шайтанның есімін бергісі келді, алайда құзырлы орган қызметкерлері олардың бұл қадамға бармауларын сұрады. Германияның Кассель қаласында жергілікті билік өкілдері ерлі-зайыптыларды ұлдарына Люцифер есімін бермеуге көндірді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сот барысында некелі адамдар бұл қадамнан толық бас тартып, баласын Люциан деп атаған.
Атап өтейік, христиан нанымында Люцифер сайтан келбетті "залым періште" деп сипатталады.