Қырғызстан орталық сайлау комисиясы сайлаушылар дауысын санап, алғашқы қорытындысын шығарды. Алдын ала санақ бойынша әзірге Сооронбай Жээнбеков 54,77 дауыс жинап, алдыңғы орында тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап.
Қырғызстандағы президент сайлауында Жээнбеков жеңіске жетті
2017 ж. 16 қазан
1937
0
Ал екінші орында 33,78 пайыз дауыс алған Өмірбек Бабанов, үшінші орында 6,48 дауыс жинаған Адахан Мадумаров келеді.
Негізінен Қырғызстан президенттігіне үміткер ретінде 13 кандидат тіркелген болатын. Алғашқы үштіктен өзге 10 үміткердің ішінде Темір Сариевтің жинаған 2,56 пайызынан басқасы 1 пайыз да жинай алған жоқ.
Ал нақты ақпаратты ОСК 20 күннің ішінде толық жариялауы тиіс. ОСК басшысы Нұржан Шайлдабекова бұл көрсеткіштің өзгеруі мүмкін екенін айтты. Және ол президент сайлауының екінші туры болатын-болмайтынын нақты айта алған жоқ. Дегенмен баршамызға белгілі, екінші тур кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыз дауыс жинай алмай қалған жағдайда өтеді.
Дегенмен сайлаушылардың басым көпшілігі сайлаудың әділ өтпегеніне де шағымданып үлгерген. Бұл туралы қырғызстандық БАҚ жазып жатыр. Мысалы NTS.kg сайты жергілікті сайлау учаскелерінде бақылаушыларға, журналистер мен қарапайым халыққа дауыс беру барысын суретке немесе видеоға түсіруге рұқсат етпегені туралы жазады.
«Мысалы Ош облысына қарасты Чон-алай, Үзген аудандарының сайлау учаскелерінде сайлаушылардың қандай бюллетендер алғанын, қалай дауыс бергенін камераға түсіруге тыйым салынған» - дейді сайт ақпаратында.
Ал сайлау заңнамасына сәйкес, бақылаушылар мен журналистерге дауыс беру барысы қалай жүріп жатқанын камераға түсіруге рұқсат берілген.
Мұнан бөлек тағы басқа да қырғызстандық БАҚ мұндай келеңсіздіктердің тіркелгенін жазған.