Белгісіз біреулер Шымкенттегі Kaspi Bank филиалын тонады
2017 ж. 14 қазан
4337
2
Белгісіз біреулер Шымкенттегі Kaspi Bank филиалын тонап кетті. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
"Қазанның 13-і күні белгісіз біреу Шымкенттегі Kaspi Bank ғимаратына тонау мақсатымен кірген. Банк қызметкерлері дереу дабыл тетігін басып, полицияны шақырды. Өкінішке орай, қылмыскер ізін суытып үлгерді. Ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген банктің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тергеу жүргізілуде. Ұрланған қаржының көлемі белгісіз.