Астанада АӨСШК 25 жылдығына орай арнайы көрме өтті
2017 ж. 05 қазан
2242
0
Осыған орай бүгін біздің кітапханамызда көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 25 жылдық тарихы мен қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін мұрағат құжаттары мен фотосуреттер қойылды.
Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздік пен Елбасының сыртқы саяси бастамалары тақырыбына арналған кітапхана жинақтары қамтылды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.Бүгінде 26 мемлекет Кеңес мүшелері болып табылатын іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, Ұлттық академиялық кітапханасы директоры Үмітхан Мұналбаева, Қазақстан Президенті Мұрағатының өкілдері, Қазақстан дипломатиялық қызметінің ардагерлері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, 9 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым бақылаушылар ретінде қатысады.
Министр Қ.Әбдірахманов: өз сөзінде «Ширек ғасырдан кейін АӨСШК-ні шақыру бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы толықтай ақтағаны мәлім және бүгін Кеңес Азия құрлығында ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін ең ірі ең ғана емес, сонымен қатар жан-жақты тұғырнама болып табылады» деді.
Министрдің айтуынша, ұйымдастырылған көрме АӨСШК қызметіне Ұлттық академиялық кітапханасы көптеген келушілерінің, олардың арасында ерекше орын алатын қазақстандық жас ұрпақтың назарын тартып, АӨСШК-нің қалыптасу тарихы мен оның одан әрі эволюция келешегін ұсынуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Кеңесті құру идеясы осыдан 25 жыл бұрын дәл осы күні елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынылған болатын. Қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған көп жақты тәсілдерді пысықтау арқылы ынтымақтастықты нығайту.