ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды.
Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды
2017 ж. 30 қыркүйек
8167
28
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі –Комиссия) құрылсын.
2. Мыналар:
1) «ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;
2) Комиссия туралы ереже;
3) Комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп:
1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;
2) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 қыркүйек
№ 188