Полиция оқулықтағы эротикалық сурет туралы қауесетті таратушыны іздеуде
2017 ж. 24 қыркүйек
3838
0
Астана полициясы қазақстандық оқулықтардағы бейәдеп суреттер туралы сыбыс таратқандарды іздеп жатыр, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Қасақана жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық іс білім министрлігінің арызынан соң қозғалған. Оған себеп әлеуметтік желілерде математика оқулығындағы тапсырмада жалаңаш ер мен әйелдің суретттері мысал ретінде көрсетілген деген ақпараттың таратылуы болды.
"Қылмыстық істің тергелу барысын Қазақстан Республикасы ІІМ өз бақылауына алды", — деп атап өтті ведомство.
sputniknews.kz