Латын әліпбиіне қатысты шенеуніктер емес, тіл мамандары сөйлеу керек - сарапшы
2017 ж. 14 қыркүйек
3200
9
Мына сандарды көріп ойлану қажет. Колумб Жаңа Әлемге жеткен кезде, 15 мың тіл бар еді. Қазір 7 мыңы ғана қалды. Олардың 96% әлемнің тек 4% тұрғыны қолданады, бұл жойылу алдында тұрған тілдер. Жер шары тұрғындарының жартысынан көбі 9 тілде ғана сөйлейді (қытай, ағылшын, хинди, испан, француз, орыс және т.б.). Әр екі-үш ай сайын әлемде бір тіл жойылады және 2200 жылға қарай жер шарында небары 200-ге жуық «тірі» тіл қалуы мүмкін.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – бұл тарихи маңызы бар стратегиялық шешім. Қазақ мәдениетінің өзегі ретінде тілдік құрамды бекіту туралы түсініктің бары өте маңызды. Қазіргі уақытта бұл құрылымды күшейту бойынша негізделген жұмыстар жүргізілуде.
Біріншіден, латынға көшу – әлемдік білім мен мәдени кеңістікті кеңейтуге деген «кіру билеті». Жаһандыө коммуникациялық жүйеде латын графикасының қолдану аясының кеңеюіне немкетті қарау мүмкін емес. латын қазіргі заманауи ғылым тілім ғана емес, жоғары технологиялар мен алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер тілі екенін мойындауымыз керек.
Екіншіден, тілдің жаңаруы сөзсіз мәдени жаңғыруға деген жаңа серпін береді. Өкінішке орай, аймақтың деңгейдегі мәдени даму мәселелерін шешу әкімшілік тұрғыдан әлі қарастырылмаған. Шенеуніктер мәдениетке немқұрайлы қарайды.
Тәжірибе көрсеткендей, мәдениетке жұмсалатын қаржы көлемі бюджеттік бағдарламаларды ең төменгі шекті көрсетеді, бұл сала үнемделген қаражат есебінен ғана қаржыландырылады. Ал тіл реформасы бүкіл мәдени саланы қамтиды. Сондықтан, кітапханалар, музейлер, театрларға жан бітеді деуге толық негіз бар.
Үшіншіден, тілдік қайта жаңғыру терең тексеріс өткізуге мүмкіндік береді. Бұл тағы бір нақты мәселені шешуге көмектеседі. Латынға көшу халықаралық терминдер мен кірме сөздердің қажеттілігінен арылтады, олардың көбі онсыз да латын сөздері болып табылады. Бұл тұрғыдан тазару кезеңі сөзсіз жүргізіледі.
Оған қоса, бұл еуропалық кең таралған тілдерден алынған сөздерді түпнұсқадан оқуға жол ашады.
Алайда, таңдалып алынған әліпби нұсқасы әлі де талқылауды қажет ететіні айдан анық. Латынға көшуді қолдайтын қоғамның интеллектуалды өкілдері мен белсенді тұлғалары, ұсынылған әліпби нұсқасына қатысты күдіктерін білдіріп жатыр. Бұған әлеуметтік желілер мен БАҚта жүріп жатқан пікірталас дәлел бола алады.
Барлық графикалық арсеналды зерттеу керек. Бұл ең алдымен ғылыми-лингвистикалық мәселе екенін нақты түсіну керек. Қазақ орфографиясы мен жазуын ақылға салып, терең ойланып, негіздеп барып көшіру керек. Саясаткерлер мен шенеуніктер үшін бұл мәселеде екінші рөл қарастырылған. Бұл мәселеде ең бірінші осы саланың мамандары сөйлеу керек.
Қоғамның тұтастай ашық әрі ауқымды пікірталасқа қосылуы қажет. Тіл реформасы – бұл ұлттың әлеуметтік-мәдени болашағы, оны құрғақ статистика сандарымен, заң немесе бұйрықтармен өлшеу мүмкін емес. бұл үрдістің әсері бірқатар ұрпаққа дейін созылатынын естен шығармау керек.
Оразғали Селтеев,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы