Белгісіз біреулер қала әкімін бауыздап кеткен
2017 ж. 12 қыркүйек
7200
2
Бельгияның Мускрон қаласының мэрі Альфред Гаденн дүйсенбі күні кешке өз үйінің жанындағы зираттан өлі күйінде табылған. Бұл туралы RTBF-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
71 жастағы Гаденнді бауыздалған күйінде әйелі тауып алған. Марқұм бургомистр зираттың қақпасын күнделікті ашып-жауып тұрған. Полиция мәліметінше, қылмыскер өз кінәсін мойындап келген. Осы оқиғаға байланысты тергеу әрекеттері мен зерттеу жүргізілуде.