Мемлекет басшысы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашты
2017 ж. 04 қыркүйек
2566
5
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырысқа Сенаттың 46 депутаты, Мәжілістің 106 депутаты, ҚР Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңесі, Орталық сайлау комиссиясы төрағалары, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы компаниялардың басшылары қатысуда.
Еске сала кетейік, ҚР Конституциясына сәйкес Парламент сессиясын Мемлекет басшысы ашады.