Жергілікті уақыт бойынша бүгін 29 тамыз, таңертеңгі сағат 6 шамасында Солтүстік Корея тағы бір зымыран атты. Ол Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралының үстінен ұшып барып теңізге құлады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Солтүстік Корея атқан зымыран Жапонияның үстінен ұшып өтті
2017 ж. 29 тамыз
2211
0
Басылымның хабары бойынша, Жапония зымыранды атып түсіру мақсатында ешқандай әрекетке бармаған. Жапон баспасөзі құлаудың алдында зымыранның үшке бөлініп кеткенін жазған.
Сенбі күні Солтүстік Корея өз территориясының шығыс жағалауында үш ракета сынады. Инцидент кезінде Жапония өкіметі тұрғындарға сақтық шараларын жасауды ескертті.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ үкіметтің тұрғындарды қорғау үшін барлық шараны жасайтынын айтты.
Министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга бүгінгі оқиғаны «бұрын-соңды болмаған дәрежеде қатерлі» деп бағалады.
Бұдан біраз уақыт қана бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Құрама Штаттарға бұрынғыдан гөрі құрметпен қарай бастады деген болатын. Одан кейін Пхеньян екі зымыран атты.