Бахрейнде жоғалған қыздың анасы жаншошырлық хат алды
2017 ж. 04 тамыз
4910
8
Бахрейнге жұмыс іздеп барып, хабарсыз кеткен Тагина Хайтметованың анасы WhatsApp желісінде үрейлі хабарлама алды. Жоғалған қыздың анасына белгісіз адам қыздарының қайда болуы мүмкін екендігін айтып, хабарлама жіберген. Хат жіберуші де Бахрейнде тұрады екен. Бұл туралы qasym.kz сайты хабарлады.
«Мен мұнда бір ай бұрын келгенмін. Менің құжаттарымды тартып алып, қонақүйде жұмыс істеуге мәжбүрледі. Ақшамды да тартып алды. Мен үш ай бойы сыртқа шыға алмадым. Бізді қонақ үйден қонақ үйге жібереді. Мен олардың аттарын білемін. Бәлкім сіздің қызыңыз сол қонақ үйлердің бірінде болар», – делінген хабарламада.
Хабарламаны жіберген қыз да Бахрейнге жұмыс істеп, көп ақша табу мақсатымен барған. Алайда құлдыққа түсіп қалыпты. Оларды әу баста ақшасы жақсы әрі жеңіл жұмыстарға шақырып, алдайды екен. Кейін торға түскенде адамның ойына келмейтін қорлықтарды көрсетеді.
Айта кетейік, қазір Тагина Хайтметованы іздеуге қазақстандық елшілер де кірісіп кетті.