ШҚО су айдындарындағы балық қоры толығады
2017 ж. 31 шілде
2716
0
Ғалымдардың ұсынысы бойынша Шығыс Қазақстанның негізгі суайдындары жыл сайын үш миллион тұқы мен ақ амурдың жас шабақтарымен балықтандыруды талап етеді. Осы жылы өңір көлдеріне балық шабағы бір жарым есеге көп жіберілмек, - деп жазады altaynews.kz.
Балық қорларының орнын толтыру жұмыстары үшін өңірге инвестор– «Akmol Holding» компаниясы тартылды. Ғылыми институттың, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен уылдырық инкубациясы сәтті жүргізілді.
–Күзге таман шамамен үш миллион тұқы шабағын және бір жарым миллион ақ амур шабағын алу жоспарлануда. Бұл облысты тұқы тұқымдарымен қамтуға мүмкіндік береді, – деді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды ретту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Құсайынов. Естеріңізге салсақ, өткен жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен өңірде балық аулау лимиттерін бөлу жүйесі ауыстырыла бастаған-ды, бұл су жағасындағы әр тұрғынның балық кәсібімен шұғылдану мүмкіндігі болуы үшін жасалды. Лицензия беру шарттары өзгертілді, адамдар кооперативтерге бірігіп, техникаларын жаңартты. Енді облыс басшылығының жіті назарында – балық қорларының орнын толтыру.