ШҚО-да аюлардың адамға шабуылдауы жиілеп барады
2017 ж. 25 шілде
2361
1
Жергілікті жерлердегі орман шаруашылықтары, ұлттық парк өкілдері комитетке шығыстағы аю мен қасқырды да саны реттеліп отыратын жануарлар қатарына енгізуді сұрап, ұсынып отыр, - деп хабарлайды altaynews.kz.
Соңғы жылдары еркінсіп, орман, тоғай маңындағы елді мекендерге дейін келіп жатқан аюлар малдарға, адамдарға дейін шабуылдаған. 2016-жылы аюлардың малға шапқан алты оқиғасы тіркелген. Ал 2015-жылы Шемонайха ауданында ойда жоқта кезіккен аюдан ауыл тұрғыны мерт болған. Бұрын орман қожалары реттелетін жануарлар тізімінде болып келген.
Малшылар мен жеке қорықшылар аумақтық инспекцияның рұқсатымен малды шығындаған кәрі, ауру (ауыл малына шабуыл жасайтын, ауылға жақын келетін аюлардың көбісі ауырған немесе кәртейген) аюларды атып отырған.