АҚШ-тың Украинадағы арнайы өкілі Курт Волкер Минск келісіміне түбегейлі қарсы
2017 ж. 17 шілде
2087
5
АҚШ-тың Украинадағы арнайы өкілі Курт Волкер Ресей Федерациясы мен Минск келісіміне қатысты даулы мәлімдеме жасады. Бұл туралы швейцариялық Die Presse басылымына сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Журналист Курт Волкердің бірнеше мәлімдемесінен үзінді келтіреді:
"Путинге қарсы тұйғын" атанған Волкер бұдан былай Ресейдің іс-әрекетіне кешіріммен қарауға болмайтынын және бұл мемлекетке қатысты қатаң шаралар қолдану керектігін айтты.
«Ресей тікелей конфронтациядан қорқады, себебі, одан аман қалмайтынын біледі», — деді АҚШ-тың Украинадағы арнайы өкілі.
Оның пікірнше, Украинаны жан-жақты қолдау Американың ұлттық мүделеріне сай келеді және бұл "АҚШ-тың қауіпсіздік мәселесі" болып табылады.
Волкер, сондай-ақ, Минск келісіміне де түбегейлі қарсы екенін жеткізді.
«Минск келісімі - Украина егемендігін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін бейбіт келісім емес», — деп санайды Волкер.
Оның айтуынша, украиналық шиеленістің тек әскери шешімі ғана болу керек. Волкер Украинаны қарумен қамтамасыз етпеу керек деген еуропалық саясаткерлермен де келіспейтінін айтты.
«Бұл ақылға қонымсыз. Бұл соғыстағы қақтығыс. Бұны тек соғыс арқылы ғана шешуге болады. Солай болады да! Мәселе тек ол соғыстың қандай болатынында», — деді Волкер.