Қазақстандықтар Конституция күні және Құрбан айтта қалай демалады
2017 ж. 17 шілде
3703
2
Жаз айының соңында-күздің алғашқы күндері қазақстандықтар екі мерекеге орай демалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017 жылға арналған мерекелік және демалыс күндергі күнтізбеге сәйкес, жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні биыл сәрсенбіге түсіп тұр.
Сәйкесінше, қазақстандықтар бір күн ғана демалатын болады. Ал Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні биыл 1 қыркүйек - жұмаға сәйкес келеді. ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағында Қазақстандағы діни мерекелер демалыс күн ретінде белгіленген.
Осылайша, қазақстандықтар сәрсенбі күні демалып, бейсенбі жұмысқа шығады да, жұмадан бастап келесі дүйсенбіге дейін тағы үш күн тынығады. Демалыс күндерді ауыстыру қарастырылмаған.