Антарктидада салмағы триллион тонна болатын айсберг мұздықтан бөлініп кетті
2017 ж. 13 шілде
2944
0
Антарктидада салмағы триллион тонна болатын айсберг мұздықтан бөлініп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы Суонси университетінің ғалымдары айтып отыр. "Айсберг 10 шілде, дүйсенбі мен 12 шілде, сәрсенбі күндері аралығында 5,8 мың шаршы шақырым болатын Ларсен С толықтай бөлініп кеткен сәтте пайда болған", - деп келтіреді мамандардың сөзін "Франс Пресс" агенттігі.
Суонси университетінің ғалымы Адриан Лакманның айтуынша, айсбергпен не болатынын айту әзірше қиын.
"Ол бүтін, еш бөлінбей қалуы мүмкін, бірақ дегенмен де ол жарылып кететін сияқты. Мұздың кейбір бөліктері сол аумақта қалатын болса, айсбергтің қалған бөлігі солтүстік жаққа кетуі мүмкін", - дейді ғалым.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, айсбергтің бөлініп кетуінен ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
tengrinews.kz