Шешіндіріп үлгерген: ШҚО-да 11 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген педофил қылмыс үстінде ұсталды
2017 ж. 12 шілде
2661
2
Зырян қаласының тұрғыны 11 жастағы қызын педофилден құтқарып қалды. Оқиға 7 шілдеде болған, - деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасап tengrinews.kz порталы.
"Әйел өз қызын белгісіз біреудің алып кеткенін айтты. Қыз аулада құрбыларымен ойнап жүрген. Ер адам, нұсқалардың бірінше, бастапқыда олардың айналасында торып жүрген, кейін әткеншекте отырды, сосын екі қызды ұялы телефоны арқылы шақырып алмақшы болған. Олардың бірін - зардап шеккен қызды алып кеткен", - деп хабарлады Зырян аудандық ІІБ басшысының орынбасары Рустам Надыров.
Осыдан кейін балалар қыздың жоғалғанын оның шешесіне хабарлаған.
"Әйел балалардың айтқан жағына қарай жүгіріп, айғайлап, осылайша күдіктіні қорқытқан. Ер адам қызды шешіндіріп үлгерген. Шешесі полицейлерді шақыртып, полицейлер дереу ауданды қоршауға алды. Сөйтіп, күдіктіні бірнеше минуттың ішінде ұстады. 10 шілдеде сот оны қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді тәртіп сақшысы.
Ұсталған ер адам балаларға қатысты екі мәрте сексуалдық қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты. Алайда ол үлгілі тәртібі үшін жаза мерзімі қысқарып, бостандыққа шыққан екен.
"Қазіргі уақытта психологиялық сараптама жүргіземіз. Зардап шеккен қызға қатысты бірқатар сараптама жүргіземіз", - деді полицей.