КӨРМЕДЕ «ҚОРҒАС» ШЫХО ЖОБАСЫ АШЫЛДЫ
2017 ж. 11 шілде
1913
0
Азат Перуашев ЭКСПО-2017-дегі Қытай павильонында «Қорғас» ШЫХО жобасының тұсаукесер рәсімінде сөз сөйледі. Өзінің құттықтау сөзінде депутат екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының маңыздылығын, онда Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы буын ретінде стратегиялық жағдайға ие екендігін атап өтті.
ШЫХО жобасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бұрынғы ҚХР төрағасы Цзян Цзэминямен бұл бағыттағы бірлескен бастамасы ретінде пайда болды, ол аймақтағы сауданы жандандыру және көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған. «Ақ жол» партиясының көшбасшысы өткен жылдың қазан айында Қазақстан жағынан ШЫХО құрылыс нысандарын салу қарқынын, әсіресе Қытай тарабымен салыстырғанда, қатаң сынағанын еске салды. Ол Орталықтың жаңа басшылығымен кемшіліктерді жою үшін айтарлықтай жұмыс жүргізілгендігін, кедендік рәсімдер мен ШЫХО-ның дамуына ықпал етуге күш жұмсағанын атап өтті.
Көрнекі мысал ретінде ол Қытай тарабының дерегі бойынша егер он жыл бұрын ШЫХО-да туристер саны жылына 200-300 мың адамнан аспаса, 2016 жылы келушілер саны 5 млн-нан асқаны туралы дерек келтірді. Сонымен бірге, Қорғас қаласының (ҚХР) мэрі Мұрал Әбілмажиннің айтуы бойынша, ағымдағы жылы ішкі Қытай, сондай-ақ басқа елдерден келетін туристердің күрт өсуіне әкелетін әуежай құрылысы басталады. Бұның барлығы ШЫХО-да Қазақстанның экспортын арттыру үшін мүмкіндіктер жасайды, ең алдымен көрші мемлекеттегі жоғары сұранысқа ие азық-түлік тауарлары: ұн, ұн өнімдері, ет және сүт өнімдері бойынша. Жақында белгілі болғандай, Орталық аумағында сертификаттау талаптарын растайтын рәсімдер үшін зертхана құрылуда, ол осындай өнімдердің ағымдағы кедергілерін жояды.
Перуашев алға ілгерілеу айқын, мұны тек құптауымыз керек және депутаттар бұл стратегиялық жобаны сәтті жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетуге дайын екенін Перуашев атап өтті және белгіленген жоспарларды іске асыруда табыстар тіледі.
Шараға жобаның жауапты басшылары – Қазақстан мен Қытайдың өкілдері қатысты. Орталықтың қазақстандық тарап бойынша одан әрі дамыту жоспарлары туралы «Қорғас «ШЫХО» АҚ президенті Қахарман Джазин айтты. Қорғас қаласының мэрі Мұрал Әбілмажин Қытай бөлігіндегі нысандардың құрылысы, инвестициялық нысандар, инвесторлардың жағдайлары мен болашағы туралы ақпарат берді.
qazaquni.kz