Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі: Ұлымды сынаған елге түкіргенім бар
2017 ж. 29 маусым
6086
27
Белгілі дирижер әрі композитор Тұрым Алагөзов бұл өмірде отбасыдан асқан байлық жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кей кездері балалары ата-анасының қадірін білмейді. Ал уақыты келгенде әкесі тартқан қасірет үшін жауап береді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Жанұяң мен балаларыңнан артық бұл өмірде ештеңе жоқ. Балаларың осыны түсінбесе жаман. Уақыт өтіп, өз балалары пайда болған кезде олар түсінеді, бірақ ол кезде кеш болады. Олар әкелері көрген қасірет үшін жауап береді», – деп жазды Тұрым Алагөзов.
Желі оқырмандары дирижердің бұл жазбасын Тұрсынғали Алагөзовке арналды деп түсінді. Сөйтіп алғашқы отбасын тастап, Баян Мақсатқызымен көңіл қосқан дирижердің ұлын сынады. Оған Тұрым Алагөзов былай деп жауап берді.
«Соңғы постымнан кейін маған түрлі «жағымды» пікірлер келе бастады. Ендеше айтайын: үлкен ұлым не жасаса да – ол өзінің шешімі, ал мен оны қолдайтын боламын. Ол менің ұлым және мен әркез онымен бірге боламын. Осыны естен шығармаңыздар, тіпті оны елдің бәрі сынап-мінесе де (түкіргенім бар) мен әрқашан ұлыммен бірге боламын. Алагөзовтер, тіпті Заң қарсы болса да, бір-бірін сатпайды. Ал менің ұлым Заңға қайшы ештеңе жасаған жоқ», – деп мәлімдеді ол.