Шымкенттен келген мұғалімдердің билеттері жалған болып, ЭКСПОға кіре алмай қалған
2017 ж. 16 маусым
3655
17
ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне келген шымкенттік мұғалімнің билеті жалған болып шығып, кіре алмай қалған. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
Бұл туралы Астана тұрғыны Мақсат Ерболат Фейсбуктағы парақшасында жариялады. Оның сөзінше, мұндай түсінбестік 12 мамырдан бастаоыпты. Шымкенттік мұғалімнің билетті өзі жұмыс істейтін мектепте 4 мың теңгеге сатып алғаны анықталды.
Алайда билет жалған деп, мұғалімді көрмеге кіргізбей қойған.
“Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресін демекші! Масқараның көкесі ЭКСПО басталғанда шығып жатыр. Бүгін көлігіме екі əйел адам, бір қызымен мінді. ЭКСПО-ға апарып салуымды өтінді. Екі əйелдің бірі сонау Шымкенттен ЭКСПОға келген екен, жұмысынан билет алып. Содан апарып тастап, үйге келгенде көлігімнің артқы жағынан телефон тауып алдым. Сөйтсем жаңағы ЭКСПО-ға апарып салған адамдардыкі болып шықтым. Содан ол əйелге уайымдамауын сұрап, 3 сағаттаң соң əкеліп беретінімді айттым. Келіскен уақытта апарған жеріме бардым. Содан əлгі сонау Шымкенттен келген 30 жылдық тəжірбиесі бар, жасы 50-ге тақап қалғаң мұғалімнің алған билеттері жарамсыз болып шыққан. Себебі билеттерінің бəрі көшірме болған. Содан ЭКСПО-ға кіре алмай, ашудан жарылардай болып отыр”, – деп жазады жазба авторы.
Бұған дейін БАҚ-та ЭКСПО көрмесіне дайындалған 70-тей билеттің жалған екені хабарланған еді. Сенімді дерек көздерінің мәліметінше қазіргі таңда жалған билет дайындауға қатысты ОҚО-да тіпті қылмыстық іс қозғалып үлгерген.