Қытайдың мәдениет министрі Астанадағы Ұлттық кітапхана қорымен танысты (ФОТО)
2017 ж. 03 маусым
2255
0
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер мәдениет министрлерінің 14-ші Кеңесі аясында Қытай Халық Республикасының мәдениет министрі Ло Шуган Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында болып қайтты.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Кітапханада Кытай делегациясына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтар кітапхана қорымен танысты.
- Бүгінгі кездесу достық қарым-қатынастарды дамыту алаңы болып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдениет саласындағы байланыстарды нығайтады,- деді қытай министрі Ло Шуган.
Ло Шуган заманауи үлгіде жабдықталған кітапхана жүйесінің даму қарқынына ризашылығын білдіріп, қолтаңбасын да қалдырды.