Қазнетті шулатқан әке баласын күрекпен не себепті ұрғанын айтып берді
2017 ж. 30 мамыр
3003
2
Баласын басынан күрекпен ұрған әке өз әрекетін түсіндірді, оның айтуынша, жұмыс кезінде баласы мазасын алыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап.
Бақылау органының өкілдері Қазнетті шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді. Олар толыққанды тергеу жүргізгенін айтты. Пернебек Қарабаев сол күні баласын жұмысқа апарған, себебі оны үйде қарайтын адам болмай қалған. Ол жұмыс берушісінің үйінде жұмыс істеген. Бала еркелеп, әкесінің мазасын ала берген. "Пернебек онысына ашуланып, баласын дөңгелектердің ортасына салып қойған. Сәлден соң бала қайтадан еркелей бастаған, сол уақытта ер адам оған басынан күрекпен бірнеше рет жеңіл соққы жасаған", - деп хабарлады прокуратурадағылар.
Прокурорлардың айтуынша, 1968 жылғы ер адамға қатысты ешқандай да жаза қолданылмаған. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор отбасыны бақылауға алды. Ер адамның өзі өз ісіне өкініп отыр екен. Сол күні баласын көлік дөңгелектерінің ортасына отырғызып қойғысы келгенін айтты, себебі үй иелерінің мазасын алмасын дедім.
Баланың айтуынша, үй иелері оған ұрысқан. "Күрекпен ұрмадым. Сілтеп қалдым. Бұл менің жалғыз балам. Әйелім кетіп қалғанда, туыстарым баланы өз қолына алғысы келген, бірақ мен бермедім. Мен оны жақсы көрем", - деді Пернебек Қарабаев журналистерге.
Еске сала кетейік, осыған дейін ер адамның баланы басынан күрекпен ұрғаны түсірілген видео жарияланған еді.
Бейнематериалда белгісіз ер адам 4 жас шамасындағы балаға физикалық күш қолданып, қорлап жатқаны түсірілген. Яғни, онда жасөспірімді көліктің доңғалақтарының ішіне салып қойып, басынан күрекпен аяусыз ұрып жатқанын анық көруге болады. Кейін ер адамды полиция ұстаған еді.