Индонезияда екі гейге халықтың көзінше дүре соғылды
2017 ж. 23 мамыр
2384
1
Индонезиялық Ачех провинциясында гомосексуалды қатынастағы екі көше еркектерін халықтың көзінше жазалады. Әрқайсысына 85 мәрте дүре соғылды. Бұл туралы Қамшы хабарлайды.
Жазаланғандардың есімдері жасырын ұсталды. Тек бірінің жасы – 20-да, бірінікі 23-те екені анықталды. Полицей қызметкерлері олардың үйіне рұқсатсыз кіріп, төсек үстінде ұстаған. Ачех провинциясынан басқа, Индонезияда гомосексуализмге заңдық тұрғыдан тыйым салынбаған.
Провинция тұрғындары өмірлерінде алғаш адамдарды гомосексуалистік қатынас үшін жазалап отыр. Дүре соғу Банда-Ачех қаласындағы бір мешіттің ауласында болды. Оқиғаны мыңдаған адам тамашалады. Тіпті, кейбірі «сендер үшін сабақ болсын» деп, соққыларының қатты болуын тіледі.