Депутаттардың МАҚТАНУЫНА да қазынадан қаржы бөлінеді екен
2017 ж. 23 мамыр
2101
3
Орталық сайлау комиссиясы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру үшін аймақтардағы кандидаттардың әрқайсысына 460 мың теңге, ал Астана мен Алматыдан шыққан үміткерлерге 420 мың теңгеден бөліпті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Бұл ақшаға үміткер телеарна, радиода сұхбат беріп, баспасөз беттерінде мақаласын жариялауы тиіс. Насихат материалдарының құны 30 мың теңгеге бағаланған. Астана мен Алматыдан шыққан үміткерлердің көлік шығыны да осы сомадан аспауы керек. Ал аймақтарға қаржы екі есеге көп, әр адамға 70 мың теңге бөліпті. Насихат компаниясының жұмысы 8-ші маусымда басталады. Жалпы жоғары палатаның сайлауына деп бюджеттен 92 миллион теңге қаралған. Бірақ, кандидаттарға тек өңірлердегі мәслихаттар дауыс береді. Олар 28-ші маусымда өтетін саяси науқанда 32 депутатты таңдауы тиіс. Тағы 15 сенаторды президенттің өзі тағайындайды.
Владимир Фоос, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Әр кандидатқа телеарнаға шығу үшін 165 мың, радиодан сөйлеуге 70 мың, баспасөз бететрінде екі мақаласын жариялауға 125 мың, насихат материалдарына деп 30 мың теңгеден бөлдік.