Бойжеткенді асқан айуандықпен зорлаған жігіттер бостандықта жүр
2017 ж. 22 мамыр
3015
3
Екі жігіт қосылып зорлаған Нұргүл Құсылбекова туған қаласы Балхаштан кетуге мәжбүр болды. Ол әлгі жігіттердің өзіне және отбасына қысым көрсетуі мүмкін екенін айтып жатыр. Ол айыптаған азаматтар әлі күнге дейін бостандықта жүр екен. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Бойжеткеннің қоғамдық өкілі Дина Смаилова жігіттерге төрт бап бойынша кінә тағылып отыр. Нұргүл Құсылбекованың қорғаушысы жоқ. ІІД-ге әр қағаз үшін өзі барып жүр. Араға тоғыз ай салып тергеу жұмыстары толықтай қолға алынды.
«Әлгі балқаштық полицей ешнәрсе жасамады. Ол маған қылмыскерлерді ұстауға уәде еткен болатын. Мен оған сендім, ал ол кездесулерді кейінге қалдыра берді. Нәтижесінде басымнан өткен оқиғаны барша қазақстандықтарға айтуға мәжбүр болдым. Балқашта тергеушіні қорғап отыр. Айтуларынша, дәлелдер тым аз. Осы дәлелдердің азаюына сол себепші болып отыр! Материалдың тең жартысы, тіпті, жоғалып кеткен. Оларды біреу қоқысқа тастаған. Мен ауруханада жатқан кезде маған дәрігер де жіберген жоқ. Көгерген жерлерімді өзім суретке түсірген болатынмын. Артынша мені ауруханадан қуып шықты», – дейді Нұргүл ханым.
Бүгінде бойжеткеннің бірнеше ауыр жарақаты бар. Десе де, ол дәріден бұрын, қорғаушыға ауадай зәру екенін айтып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Балқаш қаласының тұрғыны Нұргүл Құсылбекова өзін аяусыз зорлаған екі жігітті айыптаған болатын. Олар оны бейіт басына алып барып ұра бастаған. Артынша зорлап, өзіне көр қазғызған.