ЭКСПО билеттерін тегін алуға болады - министрлік
2017 ж. 20 мамыр
2885
5
Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ЭКСПО билеттерін қалайша тегін алуға болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы құрамына кіретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ЭКСПО билеттерін көптеп сатып алды. Билеттердің бағасы әртүрлі, датасына қарай 4-8 мың теңгенің айналасында. Міне, осы билеттер жеңілдіктпен беріліп жатыр. Поезға билет алсаңыз, ЭКСПО билетін 45 проценттік жеңілдікпен алуға мүмкіндік бар. Ал «Тұлпар-Тальгоға» билет алынса, көрме билеті тегін беріледі», - дейді Скляр. Вице-министрдің айтуынша, ондай жеңілдіктер барлық облысаралық маршруттарға таралады. Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО Халықаралық көрмесі кезінде 2 млн 450 мың адам келіп кетуі тиіс. Соның ішінде ел аймақтарынан келетін 1 миллион 800 мың адам бар. Вице-министр Скляр қандай да бір қолайсыз жағдайлар болса, астаналықтардың барлығына «өз үйіне келген қонақтай қарауға» үндеді.