Дәурен Абаев астаналықтардың жаңа жұмыс уақыты кестесіне қатысты пікір білдірді
2017 ж. 05 мамыр
1630
0
Астана әкімдігі қала тұрғындарының жаңа жұмыс уақыты кестесін жариялады. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
«Мен Президенттің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарғанымда, көптеген елдерде болдық. Бұл тәжірибе көптеген қалаларда бар: Токиода, Берлинде. Мысалы, Голландияда жұмыс уақыты таңғы 6-дан түскі 3-ке дейін жалғасады», — деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов қала тұрғындарының жаңа жұмыс кестесі туралы мәлімдеген болатын.
"Құрылыс ұйымдарына жұмыс уақытын таңғы тоғыздан емес жетіден бастауға кеңес береміз. Ал қаланың коммуналдық қызметі, өнеркәсіптік және өндірістік қызметтері болса, жұмыс уақытын тоғыздан емес, 7:30-дан бастағаны абзал. ХҚКО мен қаржылық институттар сағат тоғыздан емес, оннан бастаса игі. Сауда және ойын-сауық ұйымдары сағат оннан 10:30-ға жылжытса болады. Ал ұлттық компанияла тоғыздан 9:30-ға жылжысын. Біз бұны бірінші маусымнан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Игенбердинов.