Өскемен әкімі сырқат әкесін бағу үшін қызметінен кетті
2017 ж. 04 мамыр
2596
6
Өскеменнің әкімі қалалық әкімдікте журналистерге әкесінің сырқаттанып қалуына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ерлан Аймұқашев қалалық әкімдіктің басшысы қызметінде бір жылдан аса уақыт жұмыс істеген. Осылайша, Өскеменнің әкімі журналистермен ресми түрде қоштасты.
"Бұл оңай шешім болған жоқ, отбасындағы жағдайларға - егде жастағы әкемнің сырқаттанып қалуына байланысты. Менің борышым - қазір оның жанында болу. Өкінішке қарай, жұмыстағы жоспарлардың барлығы орындалған жоқ. Меніңше, әлі бәрі алда", - деді Ерлан Аймұқашев БАҚ өкілдеріне.
Облыстық орталықтың әкімінің айтуынша, оның бұл шешімі жайлы өңір басшылығы біледі.
Айта кетейік, Ерлан Аймұқашев 2016 жылдың 20 сәуірінде Өскемен әкімі болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметіне дейін ШҚО әкімі аппаратын басқарды. Сондай-ақ, Ерлан Аймұқашев ұзақ жылдар бойы қазіргі уақытта ШҚО әкімі қызметін атқарып жүрген Даниал Ахметовтың командасында түрлі лауазымдарды атқарған.