Астана әуежайында "Сөмкемде бомба бар" деп қалжыңдаған Ауғанстан елшісі қамауға алынды
2017 ж. 02 мамыр
2271
0
Астана әуежайында Кабулға қайтып бара жатқан Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Баракиді орынсыз қалжыңдағаны үшін тергеуге алынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Кеденшілердің "Сөмкеңде не бар?" деген сұрағына ол: «Бомба», - деп жауап берген.
Абайсызда айтылған сөз бұрынғы елшіні үлкен қиындыққа алып келеді.
Сол мезетте әуежайға кірер есіктердің бәрі жабылып, оқиға орнына арнайы жасақтың 100 сарбазы шақыртылған. 3 сағаттың ішінде дипломат тәртіп сақшыларының қолында болады.
Тек аталмыш іске Қазақстанның ІІМ қызметкерлері арласқаннан кейін ғана Баракиді босатқан.