Алматы метросына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адам анықталды
2017 ж. 25 сәуір
2150
1
Алматы метросына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адам анықталды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ішкі істер органдарының, Алматы мен Алматы облысының арнайы қызметінің күш біріктіруімен жарылғыш зат қойылды деп хабар берген адам ұсталды, ол Сарқанд қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны, ол бұл қылмысқа бұзақылық ой-ниетпен барған", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Сотқа дейінгі тергеу барысында телефон соққан адамның терроризм актісі жайлы жалған хабар беру дерегі бойынша әрекетіне құқықтық баға беріледі және оның кінәсінің деңдейі анықталады.
Еске салайық, Алматыда метрополитен жолаушыларын эвакуациялап жатқаны хабарланған. Алматы метрополитенінің баспасөз қызметіндегілер метро ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғаны туралы аноним қоңырау түскенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін барлық станциядан эвакуациялау шарасы жүргізілді. Алайда кейін метрода жарылғыш зат жоқ болып шықты.